ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 30 маусым 2026 15:45
Әмірбек Оспанбеков Президенттің Парламенттегі өкілдігі басшысы қызметінен босатылды
Әмірбек Оспанбеков Президенттің Парламенттегі өкілдігі басшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Әмірбек Оспанбеков Президенттің Парламенттегі өкілдігі басшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жарлығымен Әмірбек Оспанбеков Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы лауазымынан босатылды.
Әмірбек Оспанбеков 1982 жылғы 29 қарашада дүниеге келген. Білімі бойынша заңгер және экономист. Ол Қарағанды заң институты мен Тұран-Астана университеті оқу орындарын тәмамдаған.
Еңбек жолын Қазақстанның ішкі істер органдарында бастаған. Кейін ҚР Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі, Сенат аппаратында бас консультант, бөлім меңгерушісінің орынбасары, кадр жұмысы және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2021 жылдың маусымында Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ал 2022 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу