ӘМСҚ коронавирустың екінші толқынымен күресуге қанша ақша бөлетіні айтылды

ӘМСҚ коронавирустың екінші толқынымен күресуге қанша ақша бөлетіні айтылды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирус екінші толқыны және пневмониямен күресуге 159 миллиард теңге бөлді. Бұл туралы ОКҚ онлайн-брифингінде ӘМСҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта қор тарапынан коронавирус пен пневмонияға қарсы күрес бойынша іс-шараларды төлеуге 159 миллиард теңгеден аса қаражат қарастырылған. Оның ішінде коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге - 50,5 миллиард теңге, эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне үстемеақыға - 91,9 миллиард теңге, стационарлық деңгейдегі ПТР-зерттеуге - 4,2 миллиард теңге, "үйдегі стационар" қызметін көрсетуге - 0,4 миллиард теңге, амбулаториялық деңгейдегі ПТР -зерттеуге - 10 миллиард теңге, мобильді бригадалардың жұмысына - 2,4 миллиард теңге", - деп нақтылады басқарма төрағасы.

Сондай-ақ, ол наурыздан шілдеге дейін қор 36,9 миллиард теңге сомаға емдеу, ПТР-тестілеу және мобильді бригадалардың жұмысына ақы төлегенін қосты.

Жарнама
Жарнама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама