07 қазан 2024 | 08:34

“Ана болған - бақыт“: СҚО-да егіз бауырлар желіні тамсандырды

видео кадры

Әлеуметтік желілерде егіз ұлдардың фельдшер анасын жұмыстан қуана қарсы алған әсерлі видеосы талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде егіз ұлдардың фельдшер анасын жұмыстан қуана қарсы алған әсерлі видеосы талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТикТок-та әсерлі видео тарады. Кадрлардан ананың жедел жәрдемде ауысымын аяқтағаны, ал ұлдарының оны тағатсыздана күткені көрінеді. Көліктен түскен бойда олар оны құшақтап алады.

"Ана болған - бақыт", - деп жазды әйел видеоға.

Реклама
Реклама

Әлеуметтік желі қолданушылары интернетте шынайы бейнероликтерді көптен көрмегенін айтады.

"Бақыт және күш-қуат берсін", "Сіздің қорғаныңыз", "Екі батыр", - деп пікір қалдырды қолданушылар.

Екі баланың анасы – Мәдина, ол 29 жаста. Петропавл қаласындағы емханалардың бірінде фельдшер болып жұмыс істейді. Оның тәжірибесі тоғыз жылға жуық. Оның айтуынша, видео кездейсоқ түсірілген.

"Кадрларды менің бұрынғы күйеуім түсіріп алған, ол ауысымының соңында балаларды маған әкеліп тұрған еді. Мен көп жұмыс істеймін, әжем және, әрине, олардың әкесі маған балаларды қарауға көмектеседі. Онымен қарым-қатынасымыз жақсы. Ол үнемі байланыста және көмектеседі. Балалар балабақшаға да барады", - деді ол.

Ұлдары - егіз. Олардың есімі Даир мен Диар, олар төрт жаста. Отбасы Мәдинаның жұмысын түсінеді және бала тәрбиесіне үнемі көмектеседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная