ПОДЕЛИТЬСЯ
11 маусым 2020 | 17:31
"Анамның келгенін армандаймын". Сотталған әйелдің балалары сұхбат берді
Екібастұз тұрғыны Лариса Антонюк күйеуінің өлімі үшін сотталған. Оның балалары алғаш рет жергілікті телеарнаға сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Екібастұз тұрғыны Лариса Антонюк күйеуінің өлімі үшін сотталған. Оның балалары алғаш рет жергілікті телеарнаға сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мамырда алғаш рет 11 жылда Антонюк өз балаларымен бейнебайланыс арқылы сөйлесті. Ол сотталған кезде ұлы 2 жасар болған. Жақында ол 14 жасқа толады. Алғашында балалары Балалар үйінде тұрған, кейін тұңғыш қызы қамқорлыққа алған.
"Анамның тезірек үйге келгенін армандаймын. Анаммен сөйлестім, алғаш рет көріп тұрмын. Сағындым. Анашымды жақсы көремін. Туған күнімде көргім келеді", - деді 14 жастағы ұлы Реджеп Моммадов.
Лариса Антонюк күйеуінің өлімі үшін жазасын өтеп жатыр. Күйеуімен Қазақстанда танысқан, кейін оның отаны Түрікменстанға көшкен. Күйеуінің ата-анасы Ларисаны қабылдамаған. Кейін әйел күйеуінің нашақор екенін біледі. Арада уақыт өткен соң ол әйелін ұра бастайды. Есірткі үшін ақша талап етеді. Жанжалдасып жатқанда өзін құтқарамын деп күйеуін өлтіреді.
"Ол үнемі мені, анамды ұратыны есімде. Барлық көршіміз растай алады. Шәйнекті көтере алмағаны үшін Ұмайдың (ортаншы қызы - авт.) қолын сындырды. Біз бірдеңені дұрыс айта алмасақ, істемесек, бірден ұратын. Бізді есірткі, ақша табуға мәжбүрлейтін. Өзі үйде ештеңе істемейтін. Тек бізді ұрып-соғу мен келеке қылуды білетін. Үнемі көгеріп жүретінбіз. Полицияға бірнеше рет жүгіндік, бірақ олар көмектеспеді. Құжатымыз болған жоқ. Қазір бәріміз анамызды күтіп жүрміз. 2030 жылы шығу керек. Рақымшылыққа жазып қойдық", - деп бөлісті үлкен қызы Диана Антонюк.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Экибас в Теме? | Official (@ekibas_v_teme) 29 Май 2020 в 12:48 PDT
Түрікменстан соты Лариса Антонюкты 21 жылға соттады. Жазасының бөлігін сол жақта өтеді. Кейін оны Қазақстан азаматы ретінде еліне аударды. Екібастұзға балалары да келген. Қазір ол Өскеменнен 200 шақырым жердегі әйелдер колониясында жазасын өтеп жатыр.
Тағы 10 жылы бар. Ол бірнеше рет жазасын жеңілдетуге өтініш жазған, бірақ мақұлданбаған.
Лариса балаларын 11 жылдан кейін видеобайланыс арқылы көріп, болашағына сенім ұялағанын атап өтті. Ол балаларын көруге көмектескен ШҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлеріне алғыс айтты.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также