20 шілде 2024 | 11:30

"Анасы телефон сатып алып бермеген". Түркістанда 13 жастағы қыз үйінен кетіп қалған

фото: polisia.kz

Түркістанда 13 жасар қыз анасы телефон сатып алып бермегені үшін үйінен кетіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістанда 13 жасар қыз анасы телефон сатып алып бермегені үшін үйінен кетіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық полиция басқармасына кешкі уақытта жергілікті тұрғын арызданып келген.

Әйелдің айтуынша, күндізгі сағат 12:00 шамасында қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткен. 13 жастағы жасөспірім қызды анасы өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Реклама
Реклама

Полицейлер ақпарат алысымен бірден іздеу жұмысына кіріскен. Тәртіп сақшылары тәулік ішінде қыздың жүрген жерін анықтап, оны саябақта достарымен қыдырып жүрген жерінен тапты. Жас қыз анасына ұялы телефон алып бермегені үшін ренжісіп, үйінен шығып кеткен. Содан достарының үйінде түнегені белгілі болды.

"Жасөспірім аман-есен анасына тапсырылды. Іздеуге атсалысқан полицейлерге қала тұрғыны алғысын білдірді. Сонымен қатар үйінен себепсіз қашып кеткен қыз бен оның анасына профилактикалық әңгімелесу жүргізілді", - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная