Анасының дәрі-дәрмегіне ақша қажет болған - Қостанай облысында сот студенттің жағдайына түсіністік танытты

Анасының дәрі-дәрмегіне ақша қажет болған - Қостанай облысында сот студенттің жағдайына түсіністік танытты Сурет Midjourney көмегімен жасалған

Әулиекөл аудандық соты тіркеусіз такси қызметін көрсеткен жергілікті тұрғынға қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әулиекөл аудандық соты тіркеусіз такси қызметін көрсеткен жергілікті тұрғынға қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Не болды?

Оқиға 2026 жылғы 10 наурызда Әулиекөл ауылында болған. Полиция қызметкерлері тиісті тіркеусіз жолаушыларды тасымалдаған Б. есімді азаматты анықтады.

Реклама
Реклама

Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабы 1-бөлігі "Тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу" бойынша хаттама толтырылған.

Студенттің уәжі

Істі қарау барысында Б. есімді азамат кінәсін толық мойындады. Бірақ соттан такси жүргізуге мәжбүр еткен жағдайларды ескеруді сұрады.

Жігіт студент, сондықтан тұрақты табысы жоқ екендігі, мүгедектігі бар науқас ата-анасын асырап отырғаны, анасының инсульт алып ауруханада жатқан кезінде дәрі-дәрмек алуға қаражат қажеттілігі туындағаны анықталды.

Сот шешімі

Сот құқық бұзушының жеке басын, отбасылық жағдайын және материалдық қиындықтарын зерделеді. Сондай-ақ судья студенттің әрекеті қоғамға елеулі зиян келтірмегенін ескерді.

"Сот әкімшілік құқық бұзушылықтың маңыздылық деңгейіне байланысты іс бойынша өндірісті тоқтатып, ауызша ескертумен шектелді", - деп хабарлады Әулиекөл аудандық сотының баспасөз қызметі.

Бұған дейін медициналық жоғары оқу орнының студенті Батыс Қазақстан облысының әкімін сотқа бергені хабарланған болатын. Қыз білім беру грантына конкурс жарияланбағаны туралы сирек кездесетін талап арызбен жүгінген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама