12 наурыз 2021 | 19:52

Анатолий Ким бала құқықтарын қорғау жөніндегі түзетулерді талқылауға қатысудан шеттетілді

Фото: instagram.com/anatoliykim_team

Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамалық актілерге түзетулер енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Анатолий Ким талқылауға қатысудан шеттетілді. Бұл ақпаратты жұмыс тобының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Динара Зәкиева растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамалық актілерге түзетулер енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Анатолий Ким талқылауға қатысудан шеттетілді. Бұл ақпаратты жұмыс тобының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Динара Зәкиева растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иә, Кимге қазіргі уақытта оның "Бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына жұмыс тобының құрамына қатысуы оған қатысты қозғалған іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейін мүмкін болмайтыны туралы хабарлама жіберілді. Бізге бұрын жүгінген азамат Сералин Instagram-дағы парақшасында іс қозғау себептерін атаған", - деп түсіндірді Динара Зәкиева.

Нұр-Сұлтан қалалық полициясы редакцияның сауалына берген жауабында кәмелетке толмаған балаларды ұрып-соғу фактісі бойынша тексеріс жүріп жатқанын хабарлады.

Реклама
Реклама

"Полицияға қала тұрғынынан анасымен бірге басқа отбасына кеткен кәмелетке толмаған балаларына қатысты қатыгездік фактісі бойынша арыз түсті. Тексеріс барысында өтініш берушінің бұрынғы әйелі сегіз, алты және үш жастағы үш жас баласымен бірге өзге адаммен тұратыны анықталды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеріс жүргізіліп жатыр", - делінген полиция жауабында.

Алайда, полицияның жауабында тексеру жүргізіліп жатқан адамның аты көрсетілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная