22 шілде 2022 | 13:42

Әния Байоразова "Жетінші арнаның" бас директоры болды

Дина Шарипханова Корреспондент
tv7.kz

Әния Байоразова "Жетінші арнаның" бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі телеарна сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әния Байоразова "Жетінші арнаның" бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі телеарна сайтына сілтеме жасап.

Әния Байоразова 2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

Оның медиа және теледидар өндірісінде 15 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын 31 арнада университетте оқып жүргенде бастаған. Ол редактор, сценарист және ақпараттық ойын-сауық жобаларының жүргізушісі болып жұмыс істеген.

Реклама
Реклама

2010-2020 жылдар аралығында ақпараттық қызметтің тілшісі, "Хабар" телеарнасының дикторы, "Еларна" телеарнасы мен "Алматы" телеарнасында түрлі тележобалардың жүргізушісі қызметтерін атқарған.

"Jas Otan" төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды. "Biz Birgemiz" халықтық іс-шарасын сәтті ұйымдастырып, PR жұмыстарын жүргізді.

2020 жылдан ҚР Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ-де жұмыс істей жүріп, өзінің шығармашылық қызметін отандық телеарналарда жалғастырды.

Қазір ол Алматы Менеджмент Университетінде MBA дәрежесіне оқып жатыр. Үш тілде еркін сөйлейді. Екі бала тәрбиелеп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная