03 мамыр 2023 14:16

Анна Башинская Түркия мен Зеленский туралы пікірінен кейін партиядан шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымындағы бұрынғы депутаты Анна Башинская әлеуметтік желіде Түркия мен Зеленский туралы пікір қалдырғаннан кейін Amanat партиясынан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымындағы бұрынғы депутаты Анна Башинская әлеуметтік желіде Түркия мен Зеленский туралы пікір қалдырғаннан кейін Amanat партиясынан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Мәжіліс отырысында Amanat партиясының жауапты хатшысы Елнұр Бейсенбаев мәлімдеді.

"Башинская шын мәнінде партияның жаңа мүшесі. Ол 8-шақырылымдағы мәслихат депутаты болды. Иә, байқаусызда қателесті. Ол мұны мойындады. Ол әлеуметтік желіде пікірін білдірді. Шешім қабылдап, депутаттық мандаттан бас тартты", - деді ол.

Реклама
Реклама

Бейсенбаев Анна Башинскаяның депутаттық мандатын тапсырғаннан кейін партиядан шыққанын да айтты.

"Ол өз бетінше партиядан шығып, депутаттық мандатын тапсыру туралы шешім қабылдады. Қазір ол партия мүшесі емес. Партияның беделіне нұқсан келтірді деп айта алмаймын. Партия халықаралық істерге араласпайды. Біз басқа ел президенттерінің мәлімдемелеріне түсініктеме бермейміз, бұл Amanat партиясының ұстанымы", - деп түйіндеді сөзін Бейсенбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram