Әнші Darkhan Juzz-дің денесі 28 ақпанда Алматыға жеткізіледі

Дина Шарипханова Корреспондент
Әнші Darkhan Juzz-дің денесі 28 ақпанда Алматыға жеткізіледі Фото:instagram.com/d.juzz

СІМ қазақстандық әнші Darkhan Juzz-дің денесі Алматыға 28 ақпанда жеткізілетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СІМ қазақстандық әнші Darkhan Juzz-дің денесі Алматыға 28 ақпанда жеткізілетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз марқұм жерлесіміздің туыстарымен, сондай-ақ оның продюсерімен байланыстамыз. Мәйіт ертең Пхукеттен Алматыға жеткізіледі. Тасымалдаудың барлық шығынын Air Astana әуекомпаниясы өз мойнына алды. Жерлеу қызметін сол жерде бірге болған достары төлеген.

Көмек жинау, продюсердің айтуынша, бірінші күні жарияланған, бірақ кейін олар өзгерістер енгізген, жиналған барлық қаражатты қайтыс болған жігіттің туыстарына аударады. Мәйітті жеткізу, мәйітті тасымалдау үшін ақы алынбайды", - деді ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Еске салайық, бұған дейін Darkhan Juzz лақапатымен белгілі әнші Дархан Жүнісбеков қайтыс болғаны хабарланған еді. Кейінірек Ozen лейблі Darkhan Juzz-дің шығармашылығына қатысты пікір білдірген болатын.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама