01 ақпан 2023 11:24

Антикор: Ақтөбеде бизнес жүргізуге жасанды кедергі жасалған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде жерді бизнеске жалға беру мерзімін ұзарту негізсіз кешіктірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде жерді бизнеске жалға беру мерзімін ұзарту негізсіз кешіктірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе қаласында жер учаскелерін жалға алу мерзімдерінің өтініштерін қараудың негізсіз кешіктірілгенін анықтаған.

"Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында қаланың Жер қатынастары бөліміне 2022 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін жергілікті кәсіпкерлерден бұрын берілген жер учаскелерін жалға беруді ұзартуға 30 өтініш түскені анықталды. Қала кәсіпкерлері міндеттері дұрыс орындалған және жер учаскесінің шекаралары өзгермеген жағдайда, учаскелерді жалдау шартын жаңа мерзімге ұзартуға толық құқылы болды. Осылайша, Жер қатынастары бөлімі адал бизнесті жүргізуге жасанды кедергі жасаған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімдікке әкімшілік кедергілерді жою бойынша ұсыныстар енгізген. Содан кейін өтініш білдірген кәсіпкерлер үшін жер учаскелерін жалға беруді ұзарту мақұлданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram