Антикор “Алматы су“ департаменті басшысына қатысты сот үкімі туралы айтты

видео кадры видео кадры

Антикор "Алматы су" коммуналдық кәсіпорны департаментінің директоры Мақсат Жолдыбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша егжей-тегжейлі мәлімет берді. Оған 75 миллион теңгені жымқырмақ болды деп айып тағылып, сотталған болатын - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаевтың айтуынша, іс тергеліп, сотқа жіберілген.

"Іс тергелді, тіпті БАҚ-та жарияланды, оған шартты түрде бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді, ол кәсіпкерден шамамен 75 миллион теңге жымқырмақ болды деп айыпталды. Бақылаушы (орган-еск.) наразылығы бойынша апелляциялық шешім қабылданды, үкім өзгертілді. Оған бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Ол сот залында қамауға алынды", - деді Құрақбаев.

Еске салайық, 2024 жылдың сәуірінде Антикор "Алматы су" бас директорының орынбасарын ұстау сәтінің видеосын жариялаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная