01 шілде 2023 | 12:13

Антикор Алматыдағы жер қатынастары саласындағы қылмыстық істер туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Антикор Алматының жер қатынастары саласындағы жүйелі жемқорлық қылмыстық істерін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Антикор Алматының жер қатынастары саласындағы жүйелі жемқорлық қылмыстық істерін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антикор мәліметінше, мемлекет қажеттілігі үшін әкімшілік тарапынан жер учаскесін сатып алғаны үшін жеке басына 45 миллион теңге сомасында пара алған қалалық жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушыға қатысты соталды тергеу басталған. Ол соттың санкциясымен қамауға алынған.

"Сонымен қатар, тергеу осы басқарманың лауазымды тұлғалары аффилиирленген бағалаушының көмегімен жеке жер иелерінің мүддесі үшін мемлекеттік сатып алуға жататын 8 учаскенің құнын негізсіз көтергені анықталды. Нәтижесінде мемлекет осы учаскелердің иелеріне шамамен 7,5 миллиард теңге артық төлеген.

Бұл ретте бағалаушының бір нысан үшін көрсетілетін қызметтерінің құны 2021 жылы орташа есеппен 68 теңге және 2022 жылы 10 теңге болған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнаманы өрескел бұзу Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы қызметінде де анықталған.

"Басқарманың лауазымды адамдары мемлекет мүддесіне қайшы, жеке тұрғын үй құрылысына арналған учаскелерде коммерциялық мақсатта 11 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын келіскені анықталды.

Нәтижесінде мемлекетке аталған жер учаскелерінің жалпы сомасы 760 миллион теңгеден астам төленбеген кадастрлық құны түрінде залал келтірілді. Барлығы 470-тен астам жер учаскесі тексерумен қамтылды. Жер қатынастары саласындағы жүйелі жемқорлықты анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная