02 қазан 2024 | 14:02

Антикор Алматыдағы құны 2 миллиард теңгеге бағаланған зәулім үй иесін тексереді

ЖИ арқылы жасалған иллюстрация

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматының тау бөктеріндегі бұрынғы шенеунікке тиесілі болуы мүмкін зәулім үйді сату туралы ақпаратты зерттемек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматының тау бөктеріндегі бұрынғы шенеунікке тиесілі болуы мүмкін зәулім үйді сату туралы ақпаратты зерттемек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастығының бұрынғы орынбасарының жұбайы Алматыда отбасылық зәулім үйді сатылымға шығарғаны туралы ақпарат пайда болды. Кейбір деректер бойынша оның құны 2 миллиард теңгеге бағаланған.

Мәжіліс кулуарында журналистер Антикор төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтан бұл үй шынымен де бұрынғы әріптесінің отбасына тиесілі ме деген сауал қойды.

Реклама
Реклама

"Біз де осы жазбаны көрдік, бізде тиісті бөлім бар, бұл мәселемен айналысады. Екінші: мен бірден атап өткім келеді, мұнда біз де түсінуіміз керек, егер бұл декларативті болса, егер тиісті түрде тіркелген болса, заңнамалық мәселелер бар: біреу бизнеспен айналысқан болса, не басқа болса - біз де жекеменшік құқығын құрметтеуіміз керек. Бұл мәселе зерттелетін болады", - деп жауап берді Сарқұлов.

Ол Антикордың қымбат мүлкі бар "қызметкердің қандай лауазымда болғанына қарамастан" бұл іске құқықтық баға беретінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная