28 сәуір 2023 | 13:18

Антикор Астана әкіміне ескерту жасады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Елордалық кәсіпкерлердің шағымдарынан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана әкімдігі кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілер жасағанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елордалық кәсіпкерлердің шағымдарынан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана әкімдігі кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілер жасағанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, қаланың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасында және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін жүйелі түрде бұзу фактілері анықталған.

"Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру мемлекеттік қызмет көрсету рәсімі шеңберінде өтініштерді қарау мерзімдерінде жүйелі бұзушылықтар болған. Әкімдік келіп түскен өтініштерді 15 жұмыс күні ішінде қарадған, ал бекітілген стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 10 жұмыс күні.

Осылайша, 200-ден астам кәсіпкерге жасанды түрде әкімшілік кедергі жасалған. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін сақтамау кәсіпкерлер үшін де, жалпы қоғам үшін де елеулі шығындарға әкеп соғуы мүмкін елеулі бұзушылық болып табылады", - деп хабарлады Антикор.

Реклама
Реклама

Ведомствоның баспасөз қызметі талдау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша елорда әкімдігіне тиісті ұсыныстар берілгенін қосты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная