Кеше | 16:53

Антикор: Астана тұрғыны пара беруге итермелегені үшін 12 жылға сотталды

Фото:depositphotos.com

Астана тұрғынына қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана тұрғынына қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Астана қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елорда тұрғыны С.Ж. Әбдікәрімовке қатысты үкім шығарды.

"Ол Солтүстік Қазақстан облысында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасасқаны үшін мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды тұлғаларына беремін деп 250 мың АҚШ доллары сомасында алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімі бойынша, оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram