11 мамыр 2023 | 11:00

Антикор "Атамекен" ҰКП бұрынғы төрағасы ісіне қатысты мән-жайды айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі "Атамекен" ҰКП экс-төрағасы Абылай Мырзахметов ісіне қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі "Атамекен" ҰКП экс-төрағасы Абылай Мырзахметов ісіне қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті ұстаған.

Реклама
Реклама

Ол алаяқтық жасады және кәсіпкерді туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға көмектескені үшін аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді.

Күдікті Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу-жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Оның басқа қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Еске салайық, кеше, 10 мамырда "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов пара алды деген күдікке ілінгені белгілі болды.

Абылай Мырзахметов 2013 жылдан бері "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы, оған дейін 2007 жылдан "Атамекен" одағы Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы қызметін атқарған. Ол 2022 жылғы ақпанда қызметінен кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная