ПОДЕЛИТЬСЯ
26 наурыз 2021 | 17:26
Антикор атыраулық шенеуніктің ұсталуына қатысты түсініктеме берді
Атырауда жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырауда жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің тергеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асқарбек Ермұхашев мәлімдеді.
"Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Атырау облысының үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Ол 2020-2021 жылдары аралығында ЖШС директорынан шетелдік жұмыс күшіне және жалпы қамқорлыққа рұқсат беруге көмектескені үшін пара алды деген күдікке ілінді", - деді ол.
Айта кетейік, Серік Қамидолла бұл лауазымға 2019 жылдың ақпанында тағайындалған.
Серік Қамидолла С.Бәйішев атындағы университетті және Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін тәмамдаған. Құқық бакалавры, халықаралық экономикада шет тілдерін білетін жоғары білікті экономист.
Әр жылдары жеке фирмада экономист болып жұмыс істеді, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін басқарды, Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ардагерлер және мүгедектермен жұмыс бөлімінің басшысы болды.
2012-2019 жылы Жылой ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ (азаматтық хал актілерін тіркеу) бөлімінің басшысы болған.
Авторы: Мақпал Бейсембаева
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также