ПОДЕЛИТЬСЯ
04 мамыр 2024 | 18:08
Антикор азық-түлік бағасын бақылауға алды
Антикор азық-түлік бағасын реттеу кезінде жемқорлық заңбұзушылықтардың жолын кесуді ерекше бақылауға алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Антикор азық-түлік бағасын реттеу кезінде жемқорлық заңбұзушылықтардың жолын кесуді ерекше бақылауға алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биылғы 4 мамырда Антикорда жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жекелеген мәселелері, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мәжіліс өтті. Антикор мәліметінше, маусымаралық кезеңде Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұруға және тұрақтандыруға бағытталған бірқатар шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.
"Бұл мәселе әсіресе су тасқынынан зардап шеккен аймақтар үшін өзекті болып табылады. Атап айтқанда, Өзбекстан мен Тәжікстаннан жеткізушілерден азық-түлік ауыл шаруашылығы тауарларын тікелей жеткізу мүмкіндіктері пысықталды. Тауарлар тікелей қазақстандық нарыққа делдалдарсыз және алып сатушыларсыз және неғұрлым қолжетімді бағамен жеткізіледі. Осыған байланысты, Асхат Жұмағали (ведомство төрағасы - еск.) аумақтық бөлімшелерге жемқорлық тәуекелдері мен көріністерін болдырмау мақсатында аталған процестерге мониторинг жүргізуді тапсырды", - делінген хабарламада.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары кез келген жемқорлық құқық заңбұзушылықтардың, оның ішінде заңсыз пайда алуға бағытталған түрлі құқыққа қарсы схемаларды құруға байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесетіні айтылды.
"Баға белгілеуге теріс әсер ететін жемқорлық факторларына, оның ішінде тараптардың үлестестігіне, мемлекеттік аппарат тарапынан негізсіз әкімшілік кедергілер құруға, нарыққа жосықсыз қатысушылар тарапынан айла-шарғы жасауға және теріс пайдалануға ерекше назар аударылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы бұл жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, аталған мәселелерді ерекше бақылауда ұстауды тапсырды".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также