15 мамыр 2024 | 16:44

Антикор Бағдат Мусинге қарсы қылмыстық іс туралы хабарламаларға пікір білдірді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы цифрлық даму министрі Бағдат Мусинге қатысты ықтимал қылмыстық істер туралы ақпаратқа пікір берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы цифрлық даму министрі Бағдат Мусинге қатысты ықтимал қылмыстық істер туралы ақпаратқа пікір берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антикор Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында, қазіргі уақытта Мусинге қатысты іс тергеліп жатпағанын хабарлады.

"Сіздің өтінішіңіз бойынша қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінде бұрынғы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Б.Мусинге қатысты қылмыстық істің жоқтығын хабарлаймыз", - деп хабарлады ведомство.

Реклама
Реклама

Еске салайық, мамырдың басында Telegram-арналарда экс-министр Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалды деген ақпарат пайда болған еді. Дереккөз "істер бұрыннан басталған" деп мәлімдеді. Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және ҚМА бұл ақпаратқа қатысты пікір берген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная