ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қараша 2021 | 18:20
Антикор басшысы ауыл шаруашылығындағы қылмыстарға қатысты пікір білдірді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық схемаларын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық схемаларын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, мал шаруашылығы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың индикаторлары көбінесе субсидиялармен қамтылған мал басын ұлғайтуға бағытталған.
"Субсидиялау ережелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне толы. Ақпараттық жүйелер алаяқтарға келгенде осал. Субсидиялардың мақсатты пайдаланылуы бақыланбайды. Мұндай тәсілдер жымқыру мен сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайды. Әрине, бұл субсидияларды алмайтын адал фермерлердің наразылығын тудырады. Мұның бәрі мемлекеттің аграрлық саясатына деген сенімге нұқсан келтіреді", - деді Марат Ахметжанов Екібастұздағы моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте.
Ол кейінгі бес жылда ауыл шаруашылығы саласында 960 қылмыс тіркелгенін атап өтті. 450 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, субсидияны жымқыруда жылдан-жылға бірдей схемалар қолданылады, бірақ олардың себептері мен шарттары анықталмағанын айтты.
"Ең шығынға ұшырататын бағыт бұл - инвестсубсидиялар, онда құрылысқа, жабдықтар мен техниканы сатып алуға жұмсалатын шығындардың 80 пайызы өтелді. Мысалы, жайылымдарды суландыруға бес жыл ішінде 21 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінді. Схеманың мәні-облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының лауазымды тұлғалары өздерінің жалған ЖК арқылы су сорғылары үшін арзан, сапасыз күн панельдерін сатып алады. Кейде мүлдем орнатылмайды және жалған деректер бойынша ақша алады.
Құдықтарда да дәл сондай - бұрғыланбаған метрлерге құжаттар жасалады. Бұл ретте субсидиялар алуға арналған базадағы өтінімдер фермерлердің атынан олардың цифрлық қолтаңбаларының көмегімен беріледі. Тінту кезінде айыпталушылардың бірінен 500-ге жуық бөтен ЭЦҚ анықталды", - деді ол.
Ол БҚО-да облыстық әкімдіктің бөлім басшысының қамауға алынғанын хабарлады.
"Ол басқа адамдармен бірге 120 фермердің атынан жалған қағаздарға қол қойып, олардың шоттары арқылы ақша алған. Нәтижесінде, жұмыс істемейтін жабдық орнатылған. Осыған ұқсас қылмыстар қазір Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарында тергеліп жатыр. Осындай қылмыстық әрекеттердің салдарынан субсидиялар желге ұшады. Мемлекет шығынды өтейді, мал сусыз қалады", - деді Марат Ахметжанов.
Келесі схема - мал басының айналымы бойынша алаяқтық. Жоқ мал субсидияланады. Субсидияланған бұқалар мақсатты пайдаланусыз дереу қайта сатылады, союға жіберіледі немесе тіпті шетелге шығарылады. Бір малды сатып алу екі, тіпті үш есе субсидиялау арқылы жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының айтуынша, мұндай деректер Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, БҚО және СҚО-да анықталған. Сондай-ақ, мәліметтер базасында жануарлардың саны, жасы, жынысы, реті бұрмаланады, өзгереді.
"Түркістан облысындағы шаруашылықтардың бірінде сиырлардың жасын бұзауға түзеген 400 дерек анықталды. Бұл, сайып келгенде, субсидия алу мақсатында жасанды түрде төлін көбейту үшін жасалады.
Жамбыл облысында қазанда мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Искакова сотталды, ол өзінің шаруа қожалығы үшін іс жүзінде сатып алынбаған малға бірнеше миллион долларлық субсидия алуды ұйымдастырған", - деді ол.
АШМ орталық аппаратында ветеринарлық бақылау комитеті мен оның облыстық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының қылмыстық тобының жолы кесілді. Ахметжановтың айтуынша, олар Өзбекстанға ірі қара малды заңсыз шығарғаны үшін кәсіпкерлерден тұрақты пара алу схемасын ұйымдастырған. Түркістан облысы инспекциясының бір ғана маманының картасына 47 миллион теңгеден аса қаржы аударылған. Параны өз басшылығы үшін жинаған инспекция бөлімінің бастығы қамауға алынған.
"Мұндай алаяқтыққа ықпал ететін факторлардың бірі - ақпараттық жүйелердің кемшіліктері. Бүгінде мұндай төрт жүйе бар – ИӨС, САЖ, қолдау және Плем.КЗ. АШБ қызметкерлері олардың ашықтығына байланысты инсайдерлік ақпаратты жекелеген субсидия алушыларға сатады. Әділетсіз бәсекелестік құрылып жатыр.
Мал басын манипуляциялау басқа базада - "ИӨС" болады. Ол малды есепке алуға арналған және субсидия алу кезінде қолданылады. Оның әкімшісі АШМ ведомстволық бағынысты ұйымы - "ұлттық аграрлық ғылыми орталық", қысқартылған – ҰАҒБО. Оның қызметкерлері жүйеде кеңейтілген қол жетімділікке ие болып, деректерді бұрмалайды және қылмыстық схемаларға қатысады. Апта басында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстары бойынша ҰАҒБО және орталық аппараттың менеджерлерін әшкереледі. Олардың барлығы ұзақ уақыт бойы жүйелі негізде "ИӨС" жүйесіндегі жануарлар бойынша деректерді өзгерткені үшін заңсыз сыйақы алған", - деді Марат Ахметжанов.
Ол ҰАҒБО қызметкерлерінің өздері осындай сыбайлас жемқорлық схемаларын жасайды деп мәлімдеді.
"Ақтөбе облысында жақында ҰАҒБО менеджері әшкереленді, ол өзінің ЖК арқылы жақын туыстарына рәсімдеп, күн панельдерін жеткізу кезінде ұйымдастырған. Ол өзі фермерлерге барып, өтінімдер мен қаржылық құжаттарды рәсімдеген. Сондай-ақ, жүйеге өзгерістер енгізген. Жабдықтың бағасы екі-үш есе өсті, ал айырмашылық оның қалтасына түсті. Тінту кезінде олардың 300 млн теңгеден аса ақша алғанын көрсететін құжаттар табылды.
Сондай-ақ, АШМ лауазымды тұлғаларын теріс пайдалану дерегі бойынша іс тіркелді, олар 2019 жылы ауыл шаруашылығы саласындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялау үшін 886 млн теңгеге жабдық сатып алған. Алайда бүгінге дейін тиісті ықпалдастық жасалмады", - деді агенттік төрағасы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также