14 қаңтар 2021 16:32

Антикор басшысы "СҚ-Фармацияның" экс-басшысының ісі туралы айтты

Берік Шәріп

Антикоррупция қызметінің басшысы Алик Шпекбаев "СҚ-Фармацияның" экс-басшысы Берік Шәріптің ісі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антикоррупция қызметінің басшысы Алик Шпекбаев "СҚ-Фармацияның" экс-басшысы Берік Шәріптің ісі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алдағы уақытта іс сотқа жіберіледі. Тергеу аяқталды, іс материалдарымен танысу жұмыстары жүріп жатыр. Оған қандай жаза тағайындалатынын сот шешеді. Адвокаттар да сұрақтарын қойып жатыр. Бап бойынша: қызметін теріс пайдалану болды, қазір - қызметіне немқұрайды қарау. Өзгерді", - деді Шпекбаев Нұр-Сұлтанда "Астана - адалдық алаңы" жобасы аясында өткен журналистермен кездесуде.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2020 жылдың 10 шілдесінде "СҚ-Фармация" ЖШС Басқарма Төрағасы Берік Шәріп қызметінен босатылған болатын. Ол "СК-Фармация" басқармасының төрағасы қызметіне былтыр 21 сәуірде келген.

Артынша 14 тамызда басқарманың бұрынғы төрағасы Берік Шәріп ұсталды. Ол екі ай бойы қамауда болды.

"СҚ-Фармация" экс-басшысы Берік Шәріп қалай жазалануы мүмкін?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram