ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қыркүйек 2021 | 11:28
Антикор басшысы ТМД сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің төрағасы болды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Марат Ахметжанов ТМД-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Мемлекетаралық кеңесінің төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, кеңес қатысушы мемлекеттер қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бірлескен іс-қимылдарды және міндеттемелердің орындалу мониторингін үйлестіреді.
Кеңес отырысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ТМД қатысушы мемлекеттерінің бас прокурорлары мен мамандандырылған органдарының басшысы қатысқан.
"Марат Ахметжанов өз сөзінде Қазақстанның сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған мақсатты бағытты ұстанатынын және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа ашық екенін айтты.
Сондай-ақ, ол қылмыстық процесті жаңғыртуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтарға және Мемлекет басшысының жолдауында айтылған бастамаларға ерекше назар аудара отырып, әріптестерін елде жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также