13 қараша 2023 | 16:17

Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Шымкентте Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевқа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевқа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мақсат Қожабаев Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағында ("Алаяқтық") көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оны бес жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Ақпаратты Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі растады.

Бұл қылмыстық іс бойынша тағы бір айыпталушы – Зәкір Ғұламов. Сот оны Қылмыстық кодекстің 28-бабы 4-бөлігінде, 367-бабы 4-бөлігінде, 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ол бес жыл бір айға бас бостандығынан айырылды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная