21 қаңтар 2023 18:41

Антикор бизнеске келтіретін кедергілерді жоюға жұмыстанады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

2023 жылғы 20 қаңтарда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментімен «Атамекен» өнер ордасында өңірдің бизнес-қоғамдастығымен кездесу ұйымдастырылды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2023 жылғы 20 қаңтарда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментімен «Атамекен» өнер ордасында өңірдің бизнес-қоғамдастығымен кездесу ұйымдастырылды.

Шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің басшы Нұрлан Қыдырбаев, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, бизнесмендер, бақылау органдарының басшылары, «Атамекен» ӨКП қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов атап өткендей, Антикор ағымдағы жылы бизнестің дамуына кедергі келтіретін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөніндегі алдын алу жұмыстарына ерекше назар аударады.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысының нұсқауларына сәйкес, кәсіпкерлікті шенеуніктер тарапынан заңсыз араласудан және әкімшілік кедергілер жасаудан қорғау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тұрақты бақылауында.

Жұмыс бизнес-қоғамдастықпен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен тығыз қарым-қатынаста жүргізілетін болады.

Кездесу барысында бизнес өкілдеріне олардың құқықтарын қорғаудың егжей-тегжейлі тетігімен, оның ішінде мемлекеттік органдар қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне бақылау күшейтілгені туралы таныстырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан негізсіз ұстауларға, тінтулерге және құжаттарды алуға жол бермеу мақсатында бірқатар шаралар қабылданды, олар бойынша Антикор қызметкерінің әрбір әрекетін орталық аппарат бақылайды.

Департамент жыл сайын адал кәсіпкерлерден пара сұраған лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істерді тіркейді.

Мысалы, өткен жылы кәсіпкерден 40 миллион теңге сомаға пара алғаны үшін Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері сотталды, 134 миллион теңге пара алғаны үшін жергілікті атқарушы органның бөлім басшысы сотталды.

Кәсіпкерлер мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара қарым-қатынас заңнаманың жетілмегендігінен, кей нормативтік актілердің қайшылықтарынан, сыбайлас жемқорлық фактілерінің болуынан, бірінші кезекте бизнес зардап шегетін жағдайлар туындайды.

Шенеуніктердің заңсыз әрекеттері кәсіпкерлерді сотқа жүгінуге мәжбүр етеді.

Өткен жылы ғана облыстың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында кәсіпкерлік субъектілерінің 324 әкімшілік талап-арызы қаралды.

Мемлекеттік органдарға бизнестің ең көп талап қоюы:

- салық дауларына - 100;

- жер дауларына - 70;

- мемлекеттік сатып алу саласында - 30;

- сәулет және қала құрылысы қызметі – 13;

- сондай–ақ басқа салалар бойынша - 111.

Осы мысалдардың барлығы бизнеске араласуға тыйым салынғанына қарамастан, бақылаушы органдардың қысымы жалғасып жатқанын көрсетеді.

Халқымыз «Ауруын жасырған өледі» дейді, яғни, егер қоғам сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы үнсіз қалса, онда біздің экономикамыз құлдырайды.

Сонымен қатар, Департаментпен жер учаскелерін бизнеске бөлу, сондай-ақ бизнес объектілеріне инфрақұрылымды жеткізу мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа сыртқы талдау жүргізілуде.

Сондықтан, сіздерді проблемалық мәселелер туралы ашық айтуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын нормативтік-құқықтық актілерді талқылауға шақырамын»,- деп атап өтті БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Нұрлан Қыдырбаев.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материал БҚО әкімдігімен ұсынылған
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram