06 наурыз 2024 12:48

Антикор бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрінің ұсталуына қатысты мән-жайды айтты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың ұсталуына қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың ұсталуына қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антикор мәліметінше, бұрынғы шенеунік ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралар нәтижесі бойынша мәдениет және спорт экс-вице-министрін ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұстады. Коммерциялық ұйымның мүддесінде әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавлда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XV өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру жөнінде шарт жасасуды қолдады", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Реклама
Реклама

Тілеукеновтің айтуынша, форумды өткізуге арналған смета екі есеге ұлғайған, бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкеліп соқты.

"Қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған мүлік анықталып, тәркіленді. Ұсталған азаматқа қатысты сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп толықтырды Антикордың ресми өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram