29 қыркүйек 2023 | 09:55

Антикор "Фитосанитария" бас директорына қатысты істі тергеп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ҚР АШМ Фитосанитария бас директоры лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аникор мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР АШМ Фитосанитария бас директоры лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аникор мәліметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Фитосанитария" ШЖҚ РМК бас директорына қатысты соталды тергеуді жүргізіп жатыр.

"Белгіленген тыйымға қарамастан кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымды құрып және басқарған лауазымды тұлға, 2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін "Фитосанитария" ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалының үй-жайын тегін ұсынып келген. Күдіктінің мемлекетке жасаған іс-әрекетінен келтірілген залал құны 7,4 миллион теңге болды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Соталды тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Доллар бағамы өсті