26 сәуір 2022 | 14:59

Антикор Хаменованы тергеуге қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Бақытгүл Хаменова. Ашық дереккөздерден алынған фото.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы тергеуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы тергеуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өткен жылдың 11 желтоқсанында Атырау облысы әкімінің орынбасары Хаменованың ұсталғаны хабарланған болатын. Ол 22 желтоқсанда уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алайда, содан бері тергеу туралы ештеңе белгісіз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл іс әлі тексеріліп жатқанын хабарлады.

Реклама
Реклама

"Агенттік Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.К. Хаменоваға қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында қомақты мөлшерде пара алу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі уақытта Хаменова қамауда отыр", - деді ведомство Tengrinews.kz тілшісінің сауалына.

Ведомство Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге ​​жатпайтынын атап өтті.

"Егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса, олар прокурордың рұқсатымен, ол мүмкін деп санайтын шамада ғана жария етілуі мүмкін. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, сондай-ақ сіздің қылмыстық процеске қатысушы емес екеніңізді ескере отырып, Б.К. Хаменоваға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру туралы басқа мәліметтер жарияланбайды", - деді Қылмыстық іс жүргізу басқармасының бастығы Қанат Сүлейменов.

Бақытгүл Хаменова 2020 жылдың 13 наурызында облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная