26 қаңтар 2024 17:23

Антикор жер сілкінісі туралы дабыл жүйесіне жұмсалған шығынды тексереді

Фото:depositphotos.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жер сілкінісі қаупі бар аймақтардағы ескерту жүйесіне жұмсалған қаржының орындылығын зерттеуге кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жер сілкінісі қаупі бар аймақтардағы ескерту жүйесіне жұмсалған қаржының орындылығын зерттеуге кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антикор төрағасы А. Жұмағали Мемлекет басшысының жер сілкінісі туралы хабарлау жүйесіндегі жағдайды зерделеу туралы тапсырмасын іске асыру бойынша құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің басшыларымен жедел кеңес өткізді.

Бір күн бұрын Президент Алматыда сейсмикалық қауіпсіздік мәселелеріне арналған кеңесте Бас прокуратурамен бірлесіп, бюджет қаражатының не үшін жұмсалғанын анықтауды тапсырған болатын.

Реклама
Реклама

Осыған байланысты агенттік қызметкерлерінің арнайы тобы шығыстардың негізділігін, мемлекеттік сатып алуды жүргізудің заңдылығын зерделеуге кірісті.

Антикордың аймақтық департаменті тиісті аудиторлық тексеруге бастамашы болды.

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның төрағасы барлық сейсмикалық қауіпті өңірлерде 2018 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына мониторинг жүргізуді тапсырды.

Алматымен қатар олардың қатарына Шымкент, Абай және Жетісу облыстары, сондай-ақ Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары кіреді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг шеңберінде сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басқа да мәселелері зерделенеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram