ПОДЕЛИТЬСЯ
21 шілде 2022 | 12:28
Антикор журналист Махамбет Әбжанның балаларына қатысты тараған ақпаратқа пікір білдірді
Антикор Telegram-арналардың бірінде күдікті журналист Махамбет Әбжанның отбасы мүшелерінің, оның ішінде оның кәмелетке толмаған балаларының банк шоттарына "шектеулер" туралы ақпарат тарауына байланысты пікір білдірді. Хабарламада ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіні айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу аясында күдіктінің өзінің ғана банк шоттарына шектеулер қойылған.
"Жалған ақпарат қоғамдық пікірді басқару және тергеуге әсер ету мақсатында таратылады. Азаматтардан ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуді сұраймыз", - деді Антикор өкілдері.
Еске салайық, 3 шілдеде журналист 50 миллион теңге алды деген күдікке ілініп, ұсталған болатын. Артынша оның Telegram-арнасында балаларының да шоты бұғаттала бастағаны туралы хабар тарады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также