22 қараша 2022 15:36

Антикор көрінбей кетті деген шенеунікке қатысты сюжетке пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осыдан бірнеше ай бұрын ақпарат кеңістігінде көрінбей кеткен шенеунікке қатысты жағдайға пікір білдірді. Президент сайлауы күні қарсаңында ол тергеу изоляторында түсірілген сюжетке түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әңгіме Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бақыт Ілиясов туралы болып отыр. Ведомство мәліметінше, ол шынымен де қамауға алынған. Шенеунік Петропавлдағы жолдарды жөндеуге бөлінген бюджет қаржысын жымқырды, сондай-ақ пара берді және алды деген күдікке ілінген.

"Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет СҚО әкімдігі энергетика және ТКШ басқармасының басшыларына, "Коммунхоз" МКК және жол-құрылыс компаниясының басшыларына қатысты пара алу, беру және жымқыру деректері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Олар Петропавл қаласының жолдарын жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқырды, осы жұмыстарды орындауға байланысты пара берді және алды деген күдікке ілінді. Сот қаулысы бойынша, күдіктілер қамауға алынды. Соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр, тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жария етілмейді", - деді Антикор өкілдері.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Бақыт Ілиясов тергеу изоляторында видеоға түсіп қалғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram