27 мамыр 2024 | 16:18

Антикор Қостанай облысында ҚТЖ қызметкерлері неге сотталғанын айтты

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қостанайда ҚТЖ лауазымды тұлғалары жемқорлық үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанайда ҚТЖ лауазымды тұлғалары жемқорлық үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Бейімбет Майлин ауданының соты "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС филиалының Қостанай пайдалану локомотив депосының бастығы А. Махмутовқа, оның орынбасары Ж. Сырмановқа, жылу технигі Б.Серікұлына және "Қазақстан-ОЭК" СҮ" ЖШС Тобыл станциясының отын қоймасының бастығы К. Елюсиновқа қатысты үкім жариялады.

"Олар ҚТЖ дизель отынын және теміржол кранын жөндеуге бөлінген қаражатты жалпы сомасы 12 миллион теңгеге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Махмұтов, Сырманов, Елюсинов 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыруға, Серікұлы 3 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная