06 наурыз 2022 | 21:51

Антикор қызметкерінің полицейден қашуы: тергеу жалғасады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері Қарағанды облысында полициядан қашқан қызметкеріне қатысты тергеу жалғасатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері Қарағанды облысында полициядан қашқан қызметкеріне қатысты тергеу жалғасатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығына сәйкес, Агенттіктің жеке қауіпсіздік департаменті Қарағанды облысы бойынша Агенттік департаментінің Жезқазған аймағы бойынша ауданаралық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының аға офицері Кудикеновтің заңсыз іс-әрекеттері дерегі бойынша қызметтік тергеу жүргізіп жатыр.

Бүгінде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігі (мас күйінде ЖКО жасау), 611-бабы 2-бөлігі (ЖКО орнын қалдыру) және 613-бабы 1-бөлігі (көлік құралын тоқтату бойынша полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау) бойынша Кудикеновке қатысты әкімшілік материалдар қарастырылып жатыр.

Реклама
Реклама

"7 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Кудикенов "Пневмония" диагнозымен ауруханада жатыр. Осыған байланысты, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабы 4-тармағына сәйкес Кудикеновке қатысты қызметтік тергеу тоқтатылды. Ол жұмысқа шыққаннан кейін қызметтік тергеу қайта басталып, Кудикеновке қатысты тиісті шешім қабылданады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Антикор қызметкерлерін қуған патрульдік полиция экипажы Қарағанды облысындағы қызметінен босатылғаны хабарланған болатын. Полицейлердің бірі бейнеүндеу жасады. 

Видеода полицей өзін Жаңабек Жұмабекпін дейді. Оның айтуынша, 2019 жылдан бастап Жаңаарқа ауданының полиция бөлімінде жұмыс істейді. Полицейдің сөзінше, Антикор қызметкерін қуғанна кейін ол қызметінен босатылған. 

Сондай-ақ, полицей Антикор қызметкеріне қатысты әлі күнге дейін ешқандай шара қолданылмағанын мәлімдеген болатын. Ол жағдайды анықтап, әділет орнатуды сұрады. Сонымен қатар, полиция қызметкері бұған дейін ешқандай тәртіптік жазаға тартылмағанын және адал жұмыс істеп келгенін айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная