18 мамыр 2021 16:29

Антикор өкілдері Түркістан облысы әкімі орынбасарының "ұсталуы" туралы пікір білдірді

Мейіржан Мырзалиев. Фото: gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпаратқа мынаны хабарлаймыз. Мырзалиев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде шақырылды. Ол күдікті емес, бұлтартпау шарасы тағайындалған жоқ", - деді ведомство өкілдері.

Өзге ақпарат ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жарияланбайтыны хабарланды.

Реклама
Реклама

Бұған дейін бірқатар БАҚ пен Telegram-арналар Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы хабар таратқан болатын. 

Мейіржан Мырзалиев Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін 2019 жылдың наурызынан бастап атқарып келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram