22 қараша 2023 | 15:39

Антикор өкіліне "ӨКМ операторы" мен Әлия Назарбаеваның байланысы туралы сұрақ қойылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Арман Тілеукеновке Әлия Назарбаеваның "ӨКМ операторына" байланысы туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Арман Тілеукеновке Әлия Назарбаеваның "ӨКМ операторына" байланысы туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір Әлия Назарбаеваның жағдайы қалай? Ол 2016 жылы "ӨКМ Операторының" алғашқы құрылтайшысы болды. Сонымен қатар, іске қатысы бар тұлғалар мен куәгерлер ӨКМ компаниясын көрінбей кеткенге дейін Әлия Назарбаева бөгде тұлға арқылы басқарғанын айтты. Неге бұрынғы президенттің қызы бұл іске тартылмады, тіпті бүгінге дейін жауап алынбады", - деп сұрады журналистер Астанада өткен Антикор брифингінде.

Реклама
Реклама

"Мәселе мынада, сот бұл іске нүкте қойды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеу барысында ұсынған барлық дәлел толық расталды. Бұл адамға келетін болсақ, мен жеке тұрғылықты жері туралы білмеймін. Сот процесі барысында айтылған сөздерге келетін болсақ, тергеу жүргізу кезінде тегі мен осы заңды тұлғаға қатысы аталмады", - деп жауап берді Арман Тілеукенов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная