12 тамыз 2024 | 11:51

Антикор Сатыбалдыұлына тиесілі болған жылжымайтын мүліктердің видеосын көрсетті

видео кадры

Бірнеше бизнес-орталық, қонақүй, сауда үйі, зергерлік бұйымдар, бағалы қағаздар, базар, жеке коттедждер, қымбат автомобильдер. Антикор Қайрат Сатыбалдыұлынан тәркіленген активтер көрсетілген видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеода тәркіленген коммерциялық жылжымайтын мүліктердің құны да көрсетілген:

  • Алматының ескі орталығында орналасқан Kaisar Plaza сауда-кеңсе орталығы - 33,5 миллиард теңге.
  • Қарама-қарсы бетте орналасқан Kaisar Towers бизнес орталығы 7,9 миллиард теңгеге бағаланған.
  • DoubleTree by Hilton қонақүйінің ғимараты – 6,49 миллиард теңге.
  • Қаланың жоғарғы бөлігіндегі "АрСат" Бизнес орталығы - 8,9 миллиард теңге.
  • Maisat бизнес орталығы – 5,2 миллиард теңге.
  • "Мегатау" сауда үйі – 8,9 миллиард теңге.
  • Барахолкадағы "Байсат" базары – 15,9 миллиард теңге.
  • Астанадағы "Оптимум" бизнес орталығы – 3,2 миллиард теңге.
Реклама
Реклама

Видеода Алматы, Астана және Ақмола облысында орналасқан жеке үйлер мен тұрғын үйлер туралы да айтылады. Олардың құны 3,34 миллиард теңгеден 31,3 миллиард теңгеге дейін ауытқиды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Бүгін - Абай күні