ПОДЕЛИТЬСЯ
14 сәуір 2023 | 14:24
Антикор ШҚО-дағы қыздар төбелесіне қатысты ақпаратқа пікір білдірді
ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі әлеуметтік желіде құрдасын қатты соққыға жыққан қыздың әкесі Антикор қызметкері деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі әлеуметтік желіде құрдасын қатты соққыға жыққан қыздың әкесі Антикор қызметкері деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сәуірдің басында әлеуметтік желіде өскемендік қыздың соққыға жығылған видеосы тараған болатын. Кадардан видео дәретханада түсірілгенін, қыз өзінің құрдасын ерекше қатыгездікпен соққыға жығып жатқанын көруге болады.
Бұл жағдай қоғамдық резонанс тудырып, кейін видеодағы қыздар қала мектептерінің бірінің оқушылары екені белгілі болған. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде құрдасын соққыға жыққан оқушы қыз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің қызы деген ақпарат тараған.
"Әлеуметтік желілерде ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің қоғамда резонанс тудырған АДК сауда орталығында болған оқиғаға қатысушылармен туыстық байланысы бары туралы ақпарат тарады Бұл дерек шындыққа жанаспайтынын, жанжалға қатысқан қыздың ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерімен ешқандай туыстық қарым-қатынасы жоқ екенін ресми түрде мәлімдейміз", - деп жазды ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы Денис Шакенов Facebook парақшасында.
Сондай-ақ ол әлеуметтік желі қолданушыларына жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертті.
"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауаптылықты көздейді", - деді Денис Шәкенов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также