ПОДЕЛИТЬСЯ
03 сәуір 2023 | 12:48
Антикордың бұрынғы басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Антикораның бұрынғы басшысы Олжас Бектенов президент әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Антикораның бұрынғы басшысы Олжас Бектенов президент әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды", - делінген Ақорда таратқан жарлықта.
Осыған байланысты ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды.
Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында туған. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын үздік бітірген, мамандығы "заңгер". 2014 жылы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.
2002-2005 жылдары Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы.
2005-2006 жылдары ҚР Премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы.
2006-2009 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеді.
2009-2012 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары.
2012-2014 жылдары ҚР Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы.
2015-2016 жылдары Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі.
2016-2017 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы.
2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары.
2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.
2019-2022 жылдары - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
2022 жылдың 25 ақпанынан бүгінге дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы қызметін атқарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также