10 желтоқсан 2024 | 09:22

Антикордың бұрынғы орынбасарының іздеуде жүрген інісі Шымкентте ұсталды

Видео кадры

Бұған дейін Шымкент бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған Дәуренбек Қожабаев ұсталды. Оған іздеу жарияланған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бұған дейін Шымкент бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған Дәуренбек Қожабаев ұсталды. Оған іздеу жарияланған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антикор Шымкенттегі орта мектептердің бірінің директорын қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін пара алды деген күдікпен Дәуренбек Қожабаевқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. БАҚ мәліметінше, ол Антикор бастығының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевтың інісі. 2023 жылдың қарашасында Мақсат Қожабаев алаяқтық жасағаны үшін сотталып, бес жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.

"Дәуренбек Қожабаевқа тергеуден жасырынуына байланысты халықаралық іздеу жарияланды. 30 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ол ұсталып, тергеу изоляторына қамалды", – деп хабарлады Антикор.

Реклама
Реклама

Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкенттегі Антикор департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Дәуренбек Қожабаев туралы ақпарат бергендерге сыйақы жариялаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная