ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 01 маусым 2021 13:56
Антикордың жаңа басшысы тағайындаулар жасады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов өзінің көмекшісі мен ерекше тапсырмалар жөніндегі офицерді тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Серіктестік департаментінің директоры Перизат Сәдуақасқа сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі офицері болып Арман Хасенов тағайындалды.
Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі болып Шыңғыс Алекешев тағайындалды.
"Аталған қызметкерлердің прокуратура органдарында, қаржы полициясында және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде, оның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі бар", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу