12 наурыз 2023 11:03

Антикорға хабарласқан ауыл кәсіпкерінің құқығы қорғалды

Фото: elements.envato.com

Батыс Қазақстан облысында тағы бір ауыл кәсіпкерінің құқығы қорғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында тағы бір ауыл кәсіпкерінің құқығы қорғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Қазталов ауданындағы шаруа қожалығының иесі жайылымды пайдалану мерзімін ұзарту үшін әкімдіктің табалдырығын тоздырған. Бірақ бұл әрекетінен түк шықпапты. Амалы таусылған шаруа ақыры Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне хабарласады. Кәсіпкердің арызын зерделеу барысында оның жерді қолдану уақытын ұзартуға заң бойынша толық құқы бар екені анықталды. Айта кету керек, жыл басынан бері аймақта 77 ауыл кәсіпкеріне құқықтық көмек көрсетілген. Шаруалар жерді пайдалану мерзімін ұзарту мен мемлекеттік органдардан рұқсат құжаттарын алу ісінде көп қиындыққа тап болады екен.

"Мен Қазталов ауданындағы шаруа қожалығының өкілімін. Ауылда мал шаруашылығын өртістетіп отырмыз. Жыл басында шаруашылықтың қарамағындағы жерді пайдалану мерзімі аяқталды. Оны ұзарту үшін аудан әкімдігін жағаладық, бірақ олар қозғала қоймады. Кейін "Бизнеске жол" деген бағдарлама барын естіп, департаментке жолықтық. Нәтижесінде, біздің мәселеміз бір күннің ішінде шешімін тапты", - дейді кәсіпкер Дидар Қырықбаев.

"Кәсіпкерлер бізге күн сайын хабарласады. Кейбірі хат жолдаса, енді бірі өздері келіп жатады. Оларды жеке қабылдап, түйткілді мәселені бірлесе зерделейміз және заңдық тұрғыда көмек береміз. Жыл басынан бері жүзден астам кәсікерге қолдау көрсеттік. "Бизнеске жол" бағдарламасының басты мақсаты да сол. Өйткені, жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлерді бұлайша сенделтуі сайып келгенде өңір экономикасын тежейді деп санаймыз", - дейді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Әділхан Сабыров.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/article_kk/2024/article_1200/thumb_m/photo_1314.jpeg"
    "title" => null
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/article/veypterge-tyiyyim-kazakstandagyi-jana-zan-turalyi-ne-blu-1200/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360417/thumb_m/photo_122708.jpeg"
    "title" => "Қазақстанда шағын несие беру қатаңдайды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-shagyin-nesie-beru-katandaydyi-360417/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360268/thumb_m/photo_122548.jpeg"
    "title" => "Қазақстанда харассмент үшін жаза енгізіле ме?"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-harassment-ushn-jaza-engzle-me-360268/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360051/thumb_m/photo_122316.jpeg"
    "title" => "Қазақстан Парламенті массмедиа туралы заңды қабылдады"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstan-parlament-massmedia-turalyi-zandyi-kabyildadyi-360051/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360014/thumb_m/photo_122277.jpeg"
    "title" => "Букмекерлер мен онлайн-казиноларды жарнамалауға тыйым: Мәжіліс жаңа заң қабылдады"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/bukmekerler-men-onlayn-kazinolardyi-jarnamalauga-tyiyyim-360014/amp/"
  ]
]