26 мамыр 2022 | 10:01

Антикорға шағым түскен соң павлодарлыққа үй кезегіндегі орны қайтарылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Хабар 24

Павлодар облысы тұрғынының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінгеннен кейін тұрғын үй кезегіндегі орны қалпына келтірілді, - деп хабарлайды "Хабар 24"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысы тұрғынының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінгеннен кейін тұрғын үй кезегіндегі орны қалпына келтірілді, - деп хабарлайды "Хабар 24"

32 жастағы Анастасия Луна қалалық ТКШ бөлімінде кеңес алған соң тұрғын үй кезегіндегі орнын "толық емес отбасы" санатына өзгерткен. Нәтижесінде ол кезекте 2501-орында тұрған. Әйел тұрғын үй кезегіндегі бастапқы санатын қалпына келтіруге тырысқан, сөйтіп, қалалық әкімдікті сотқа беріп, сот оның мүддесін қорғаған. Алайда әйел Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінгенге дейін сот шешімдері орындалмаған. Ведомство қызметкерлері әлеуметтік тұрғын үй кезегін ұйымдастыру механизмінде бірқатар проблема барын анықтаған.

Шағым иесіне "жетім балалар" санатын қайтарған, осылайша, қазір ол 298-орында және жыл аяғына қарай пәтер алуы мүмкін.

Реклама
Реклама

"2010 жылы қызым дүниеге келді, ТКШ категорияны "толық емес отбасына" ауыстыру керегін айтты. Осылайша, тезірек, тіпті бөлме саны бір бөлмеден де көп пәтер алуым мүмкін екенін айтты. 2010 жылы сол санатты ала алмадым", - дейді Анастасия.

Антикор қызметкері жергілікті атқарушы органдар әйелдің өз кезегін қалпына келтіру туралы өтініштерін елемегенін атап өтті.

"Сондықтан ол сотқа жүгінді. Сот шешімімен 2021 жылы тамызда оны кезекке қою туралы шешім қабылданды. Алайда көрсетілген кезеңнен бастап осы уақытқа дейін оның өтініші қанағаттандырылмаған. Ол бізге жүгінгеннен кейін осы мәселе бойынша жұмыс істедік. Істің барлық мән-жайын анықтадық. Кездесу өткіздік, нәтижесінде азаматтың 2008 жылғы кезегі қалпына келтірілді", - деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басқармасының басшысы Назымбек Бекжанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная