ПОДЕЛИТЬСЯ
06 наурыз 2020 | 15:01
Антикоррупция қызметі қарағандылық студенттерді тексереді
Қарағанды облысының Антикоррупция департаментінің қызметкерлері студенттердің мемлекеттік органдарда тағылымдамадан заңсыз өтіп жүргенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысының Антикоррупция департаментінің қызметкерлері студенттердің мемлекеттік органдарда тағылымдамадан заңсыз өтіп жүргенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы хабарламалар сайтында жарияланған.
"Студенттердің күнделіктерінде тағылымдамадан өткені көрсетіліп, оларға мінездеме мен басқа да баға берілген. Кейбіреулер мемлекеттік органдардың мөрлерін қолданып келген. Бұл мәселені анықтаймыз", - деді департамент басшысының бірінші орынбасары Асхат Оразхан.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тексеріс аяқталған соң хабарламадағы көмекшілерге жүгінген студенттердің жазаланатыны айтылады.
"Қазіргі уақытта мемлекеттік органдарда тағылымдаман өтті делінген бірақ бірде-бір рет тағылымдамаға келмеген төрт студент анықталды", - деді Оразхан.
Ведомство өкілі бақылау тобының мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өткен барлық студентті тексеретінін айтты. Ол мәліметтердің барлығы ЖОО-ларға жіберіліп, қажетті шаралар қолданылады деді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также