10 шілде 2021 | 14:21

"Антиваксерлердің сөзіне сенудің қажеті жоқ" - Тоқаев вакцинация паспортын қолдан жасау туралы

Фото: elements.envato

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вакцинация паспортын қолдан жасауды Қазақстан қауіпсіздігіне төнетін қауіпке теңеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вакцинация паспортын қолдан жасауды Қазақстан қауіпсіздігіне төнетін қауіпке теңеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір БАҚ-та вакцинация паспорттарын қолдан жасау туралы ақпарат айтылып жатыр. Бұл қоғам үшін өте қауіпті жағдай, себебі адамдар көп жиналатын жерлерде вирус жұқтырған адамдар жүруі мүмкін. Сондықтан құқық қорғау органдары бұл жағдайға ерекше назар аударуы керек. Вакцинация пандемиядан шығудың жалғыз жолы екенін түсінуіміз керек. Бұл анық", - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Ол халықты өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығын ойлануға және салмақты шешім жасауға шақырды. 

Реклама
Реклама

"Антиваксерлердің сөзіне сенудің қажеті жоқ. Вакцинацияның жалған паспортын жасау - қоғамдық денсаулық пен қауіпсіздікке тікелей қауіп. Мұндай адамдарды қатаң жауапқа тарту керек", - деді Президент.

Бұған дейін ІІМ өкілдері алғашқы жарты жыл ішінде ішкі істер органдарының өндірісінде вакцинация паспорттарын қолдан жасау бойынша төрт қылмыстық іс болғанын хабарлаған. Екі дерек Алматыда, бір-бірден Алматы және Ақмола облыстарында анықталды. Олар бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram