ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қазан 2020 | 15:56
Әнуар Ахметжанов цифрлық даму бірінші вице-министрі болып тағайындалды
Әнуар Ахметжанов цифрлық даму бірінші вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әнуар Ахметжанов цифрлық даму бірінші вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Әнуар Ахметжанов 1975 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2000 жылы Джонс Хопкинс университетін бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика және сыртқы экономикалық қызмет кафедрасының оқытушысы болып бастаған.
Әр жылдары "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ, "ҚазМұнайТеңіз" ТМК ЖАҚ, "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "Қазгермұнай" БК ЖШС жұмыс істеді. 2012-2016 жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2016 жылы ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және өңірлік ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды.
2016-2019 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы. 2019 жылы ҚР цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы. 2019 жылдың тамыз айынан бастап қазірге дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также