Әнуар Садықұлов ҰҚК төрағасының орынбасары қызметіне келді

Әнуар Садықұлов ҰҚК төрағасының орынбасары қызметіне келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Әнуар Садықұлов ҰҚК төрағасының орынбасары қызметіне келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - "А"Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры болып тағайындалды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Әнуар Садықұлов 1967 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Алматы зооветеринар институтын бітірген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған. 1985-1987 жылдары КСРО Қарулы күштері қатарында мерзімдік әскери қызметтен өтті.

Реклама
Реклама

2017 жылдың мамырында Әнуар Садықұловқа ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілген болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама