ПОДЕЛИТЬСЯ
28 наурыз 2019 | 15:43
Апатқа ұшыраған тікұшақ командирінің досы соңғы әңгімесін айтып берді
Қызылорда облысында апатқа ұшыраған тікұшақ экипажының командирі Роман Костыговтың артында әйелі мен 10 жастағы баласы қалды. Бұл туралы әскери қызметкердің бала кезден келе жатқан досы Александр Немцов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызылорда облысында апатқа ұшыраған тікұшақ экипажының командирі Роман Костыговтың артында әйелі мен 10 жастағы баласы қалды. Бұл туралы әскери қызметкердің бала кезден келе жатқан досы Александр Немцов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Романды Ақтауға таяуда ғана ауыстырған - шамамен бір жарым ай бұрын. Оған дейін ол Талдықорғанда және Үшаралда қызмет етті. Ақтөбе облысындағы жоғарғы ұшу училищесінде білім алған.
Майор Роман Костыгов
"Біз осы дүйсенбіде сөйлескенбіз. Ол оқу-жаттығуларға Шымкентке іссапарға баратынын айтты. Былай деді: "Келген соң тағы сөйлесеміз"... Ол мықты адам еді, әділ, жауапты, сүйікті жар және жақсы әке болды. Мен қалай болғанын түсінбеймін. Ол жанжалға ешқашан бармаған. Мен бұл туралы білгенде, түні бойы ұйықтамадым, әлі күнге дейін сену мүмкін емес. Барлығы көз алдымда: қалай сөйлегені, әзілі. Оның күлкісі...
Ол өзі ісінің шебері еді және өз жұмысын жақсы көрді. Оның әйелі тамаша жан, Оля және ұлы Богдан. Айтпақшы, баласы 3 сәуірде 10-ға толады. Ал 26 сәуірде Роман 34-ке толатын еді. Оны барлығы құрметтейтін, оның достары өте көп және кез келгені мен сияқты айтады. Ата-анасы қазір есеңгіреп қалды. Оның әпкесіне қоңырау шалғанда ол абдырап қалды. Ата-анасы телефон көтермейді, сөйлесе алмайды", - деді Немцов.
Ол Романның туған ауылында Павлодар облысы Ертіс ауылында жерленетінін айтты. Қазір пойызбен немесе ұшақпен оның денесін тасымалдау шарасы шешіліп жатыр екен.
Показать комментарии
Читайте также