21 тамыз 2024 | 10:33

Апелляциялық сот Арыстанбек Мұхамедиұлының ісін қарады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкім қайта қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкім қайта қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық істі қарауды 21 тамызда Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы жүргізді.

Бірінші үкімге қорғаушылар, сотталушылар және олардың адвокаттары шағымданды.

Реклама
Реклама

"Астана сотының сот алқасы шағымдардың дәлелдерін зерделеп, процеске қатысушыларды тыңдап, қылмыстық істің материалдарын зерттеп, сотталғандардың кінәсінің дәлелденгені туралы сот қорытындыларымен келісті. Бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз жоқ", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, биыл 29 ақпанда Арыстанбек Мұхамедиұлы төрт бап бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

  • "Алтын адамның шеруі" көрмесін өткізу кезінде ақша жымқырғаны жасағаны үшін;
  • лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану;
  • Дипломат" қонақүйімен байланысты рейдерлік әрекеттері үшін;
  • пара беруге әрекет жасағаны үшін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram