ПОДЕЛИТЬСЯ
25 ақпан 2022 | 12:37
Апта басынан бері Ұлттық банк 176 миллион долларға интервенция жасады
Қазақстан Ұлттық банкі бір аптада 176 миллион долларға интервенция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Ұлттық банкі бір аптада 176 миллион долларға интервенция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Геосаяси жағдайдың шиеленісуі аясында Қазақстанның қаржы нарығына қысымның айтарлықтай артқаны атап өтілді. Ресей рублінің айтарлықтай әлсіреуі нәтижесінде (бір доллар үшін 85 рубльден жоғары) теңге бүгінгі сауда барысында бір доллар үшін 475,75 тарихи деңгейге жетті.
"Қазіргі жағдайда жүргізіліп жатқан саясаттың ашықтығы мен нарықтың сенімін сақтау үшін валюталық операциялардың жедел статистикасы жарияланды. Мәселен, өткен аптаның басынан бастап 25 ақпандағы 12.00-дегі жағдай бойынша валюталық интервенция көлемі 176 миллион долларды, оның ішінде 24 ақпанда - 138 миллион долларды құрады. Бұл сыртқы күйзелістерді қазақстандық нарыққа шығаруды реттеуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Ұлттық банк бұдан ары қаржылық тұрақтылық үшін тәуекелдер күшейген жағдайда валюталық интервенция жүргізу құқығын сақтап қалады.
"Осы құралды қолдана отырып, банк бейтараптық қағидатын басшылыққа алады және нарықтық бағамға кедергі келтірмейді. Айырбас бағамының қандай да бір деңгейі таргеттелмейді. Теңгенің икемді бағамы алтын - валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, олардың маңыздылығы сыртқы сектордың тәуекелдерін іске асыру аясында өсті", - деп толықтырды Ұлттық банк.
Ақша-несие саясаты бойынша одан ары шешімдер геосаяси жағдайдың дамуына және қаржы нарықтарының реакциясына байланысты болады, деп қорытындылады баспасөз қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также