16 маусым 2023 08:52

Аптап және жаңбыр: Қазақстандағы 16 маусымға арналған ауа райы болжамы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Қазгидромет 16 маусымда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет 16 маусымда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің күші секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 26-28 градус жылы.

Реклама
Реклама

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 31-33 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 36-38 градус жылы.

Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың батысында, шығысында 4 градус, күндіз 25-30 градус жылы.

Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-25, таулы аймақтарда 17 градус, күндіз 34-39, шөлді аймақтарда 42 градус жылы.

Күндіз батыста, Маңғыстау облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 20-25, күндіз 32-37 градус, облыстың батысында 28 градус жылы.

Күндіз Қостанай облысының батысында аздаған жаңбыр жауады, күн күркірейді. Батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан 9-14, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 7-12, облыстың оңтүстігінде 15 градус, күндіз 25-30, облыстың оңтүстігінде 33 градус жылы.

Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Облыстың оңтүстігінде құмды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 14-19, күндіз 30-35 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram